Хабар телеарнасы

Кәмелетке толмағандар арасында 5 мың босану жағдайы тіркелген

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік мәселесі де өзекті болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде ерте жыныстық қатынасқа түсу көрсеткіші  16,5 жас. Мәселен, 2 жыл бұрын кәмелетке толмағандар арасында 5 мың 94 босану жағдайы тіркелген. Бұл мәселені шешу мақсатында 10 жастан бастап 29 жасқа дейінгі азаматтарға медициналық көмек көрсететін 103 орталық жұмыс істейді.

Азаматтар құпиялылық қағидаттары негізінде ұрпақты болу, отбасын жоспарлау және түсік жасатудың алдын алу бойынша мамандардың көмегіне жүгіне алады. 

Гүлнәр Сәрсенбаева, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры:

- Өңірлерде гинекологиялық патологиясы бар қыздар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дер кезінде кеңес беру маршруты әзірленді. Жалпы елде 9 млн 800 мыңнан астам әйел бар. 5 миллионнан астам бала туу жасындағы әйел болса, 3 миллионнан астамы жасөспірім.