Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендер бойынша күн сайын ақпарат алмаса бастады. Бұл - көктемгі су тасқынын алдын алу шарасының бірі. Дерек алмасу қауіпті кезең аяқталғанға дейін жалғасады. Жыл басынан бері су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимыл жөніндегі Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жұмыс тобының екі отырысы өтті. Тараптар су қоймалары туралы деректі бөлісіп, су ағыны мен трансшекаралық өзендерде су деңгейінің қаншалықты көтерілетінін болжады. Қазірдің өзінде Ресей аумағы арқылы өтетін 240 шақырым өзен арнасы тазартылған. Елдегі басқа да өзен мен су қоймасы тұрақты бақылауда.