Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Шымкентте көше атаулары өзгертіледі

  • 1318
  • 21.03.2025, 18:50

Шымкент қаласына мегаполис мәртебесі берілгеннен кейін әкімшілік басқару жүйесі жетілдіріліп, жаңадан Тұран ауданы құрылды. Сонымен қатар бірнеше шағын аудан пайда болып, қала аумағына 40-қа жуық елді мекен қосылды. Осы өзгерістерге байланысты қайталанатын көше атауларын өзгерту ісі қолға алынды. Қала тұрғындары Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының «ономастиканы орталықтандырып, жеке меншік нысандарға атау бергенде де жауапкершілікпен қарау қажет» деген пікірін қолдап отыр.