БҚО-да көктемгі су тасқыны қаупі толық сейілді

  • 271
  • 26.03.2025, 18:44

 Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны қаупі толық сейілді. Бастауын Ресейден алатын Жайықтан басқа трансшекаралық өзендердің деңгейі төмендеген. Жайыққа қатысты болжамдар да өзгерді. «Егер бұрын бұл өзенмен 5,2 млрд текше метр су келеді делінсе, енді 3,5 миллиардтан аспайды», дейді мамандар. Бұл былтырғыдан 4 есе аз. Қазір өңірде су шайған жолдарды жөндеу басталды. Жымпиты-Ақсай бағытындағы уақытша көпір қалпына келтірілген. Қаратөбеден шыға берісте жырылған жолды сәуірдің басына дейін жөндеу жоспарланған. Биыл өңірде 3 көпір құрылысы басталмақ.

Мұрат Залмұқанов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Қоржын ауылы қасында су өтті. Сосын 102 шақырым Қаратөбе, сосын Шыңғырлауда «перелив» болған жерлер. Былтыр да болды. Былтыр қатты шайып кетті. Соған қазір жоба істедік. Қазір сараптамаға кірді. Екі айда экспертизадан шыққасын республикадан ақшасын күтеміз. Сол көпір салғасын болашақта проблема болмайды.