Бұл салаға инвестиция тарту басты міндетке айналған. 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы аясында мақта-тоқыма кластері құрылады. Ішкі нарықта отандық өнімнің үлесі аз болғанымен, Қазақстан өндірушілерін қолдауға басымдық беріледі. Соңғы 5 жылда 40 жоба іске асып, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында ірі кәсіпорындар ашылды. Мамандардың айтуынша, аяқкиімді таңбалау ісі де отандық өндірушілерге оң әсерін тигізген. Былтыр елде жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 4,3 млрд доллар болды. Бүгінде бұл салада 28 мың адам еңбек етеді. Оның 60% әйел.
Мұхамед Андаков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитеті төрағасының орынбасары:
-2025 жылға жоспарланған жаңа 9 инвестициялық жоба іске қосу жоспарланды. Жаңа 600 жұмыс орны ашылады. Олардың ішінде ең маңыздылары: Ақтөбе облысында жүнді терең өңдеу жобасы, Түркістан облысы тоқыма бұйымдары өндіретін мақта кешені, Шымкент қаласында шұлық өндіру жобасы.