Көкарал бөгетін нығайту жұмыстары жалғасады

  • 133
  • 01.04.2025, 18:56

Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөліп тұрған Көкарал бөгетін нығайту жұмыстары биыл жалғасады. Гидронысанның су үңгіп тастаған бөлігі таспен бекітіледі. Ал «Тәуір» қорғаныс бөгеті салынып, «Қарашалан-1» каналы қайта жаңғыртылған. Аталған нысандар іске қосылғаннан кейін Кіші Арал теңізін сақтап қалуға және судың тұздылығын төмендетуге болады. Одан бөлек өңірде биыл 56 шақырым магистральды су арнасы тазаланып, алпыстан астам гидроқондырғы жөнделмек. Сонымен қатар Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласындағы бірнеше су арнасына автоматтандырылған су өлшеу құрылғыларын орнату жоспарланған.

Елдос Ақышев, «Қазсушар» РМК филиалы директорының орынбасары:

-Автоматизация биылғы жылға барлығы 5 канал қаралған болатын. Мемлекеттік сатып алу порталынан ұтып алынды, 5 канал осы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа Шиелі магистральды каналында, «О-2» каналында, Келінтөбе, Әйтек, Сунақ ата сол магистральды үлкен каналдарда құрылысы басталды.