Түркістан облысында Марокко шегірткесінің дернәсілі уланып жатыр. Зиянкес өңірдегі 9 ауданның аумағынан шыққан. Келес, Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара аудандары мен Арыс қаласында жәндіктің ошағы жойылып жатыр. Өңдеуге мыңға жуық адам мен 273 арнайы техника жұмылдырылған. Дернәсіл ең көп шоғырланған аумақтар «АН-2» ұшағынан залалсыздандырылады. Бүгінге дейін мамандар 600 мың гектардан астам аумақты зерттеп, 300 мың гектар жерді өңдеді.
Нұрбол Бекмұратов, облыстық аумақтық инспекция басшысы:
-Шыққан дернәсілдер қазір 2 жас кезеңіне өтіп отыр. 1 мамырда ересек кезеңіне өтеді, соған дейін біз толық дәріліп, аяқтауымыз керек.