Астанада «Ерлікке тағзым» кітабы жарыққа шықты

  • 31
  • 05.05.2025, 18:42

Астанада соғыс қаһармандары жайлы бірегей туындының тұсаукесері болды. Президент Архиві бұрын-соңды жарық көрмеген құжат пен фотосурет жинақтап, «Ерлікке тағзым» кітабын жарыққа шығарды. Еңбекте Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова және басқа да батырлардың естелігі қамтылған. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мандангерлердің ерлік жолдары, ел экономикасының соғыс жағдайына бейімделуі, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің құрылуы баяндалады. ҚР Президенті Архивінің мамандары Архив қорларындағы материалдарды пайдаланумен қатар, елдің өңірлік архивтері мен ұлттық кітапханаларынан, Өзбекстан мен Ресей архивінен де ақпарат жинақтаған.  

Нұртаза Асилов, философия ғылымдарының докторы:

- Бұл кітап 3 тілде жазылды. Бұл кітаптың ерекшелігі – белгілі және белгісіз құжаттар, одан да басқа көптеген материалдар енген. Бұл көптеген жылдарғы еңбектің жемісі.