Шымкентте асфальт-бетон өндіруші зауыттардың жұмысы талапқа сай болмай шықты. Ұлттық сапа орталығының өкілдері жүргізген мониторинг нәтижесінде 13 кәсіпорынның қажетті өнім шығаруға дайын еместігі анықталған. Олардың құжатында асфальт құрамы көрсетілмеген. Шикізатты тексеруге арналған зертханалары да болмапты. Биыл мегаполисте 41 көшеге орта және 11 жолға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Анықталған кемшіліктер жол құрылысына тапсырыс беретін мекемелерге жолданды.
Ермек Намазов, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК қалалық филиалы директорының міндетін атқарушы:
- Негізгі мақсатымыз - қаламызға сапасыз қоспаларды, асфальттарды кіргізбеу. Шілде айына дейін асфальт-бетон сезоны басталғанға дейін реттеу керек. Қазіргі таңда тапсырыс берушілерге жолданды.