Мұнай саласында қатысты тағы бір маңызды ақпарат - Каспий құбыр консорциумы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай экспортында шектеу жоқ. Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин мәлім етті. Еске салсақ, бұған дейін Каспий құбыр консорциумына дрон шабуылы жасалған еді.
Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:
- Біз Украина тарапына өзіміздің алаңдаушылығымызды жеткіздік. Елшілік арқылы да айтып, тиісті шаралар жүргіздік. Күтіп отырмыз.Бірақ олардың тарапынан әлі жауап болмады.