Нарынқол-Кеген күрежолы жөнделеді

  • 90
  • 23.05.2025, 18:35

Нарынқол-Кеген республикалық күре жолының сапасы сын көтермейді. Ой-шұңқырын жыл сайын жамағанмен, жүргізушілерден түсетін шағым азаяр емес. Бұл жол Райымбек ауданын Алматымен жалғап тұр. Биыл ауқымды жоба жасалып, ұзындығы 74 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталды. Жол құрылысы кезінде өңірде уақытша асфальт-бетон зауыты ашылады. Осылайша қажетті материалдар өндірілмек. Жоба құны 8 млрд теңге. Жол жөндеу жұмыстарын келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Қанат Әбілқайыров, жоба жетекшісі:

- Біз шамамен 110-120 адамды толық жұмыспен қамтамасыз етеміз. Оның ішінде жергілікті халық 20-30 пайызды құрайтын болады. Оны біз Кеген және Райымбек аудандарының әкімдіктерімен және жұмыспен қамту басқармасымен бірлесіп іске асырамыз.