Астанада жұмыс күнінің басталу уақытын сағат 9-дан 7-ге ауыстыру керек.
Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин осылай деп, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Оның сөзінше, таңертең еңбек өнімділігі әлдеқайда жоғары болады. Әрі бұл қаладағы көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді. «Себебі Астанадағы қызметкерлердің 50 пайыздан астамы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді. «Орталық атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен ведомстволық мекемелердің қызметкерлеріне арналған көлік қозғалысын қайта қарастыру қажет», - дейді депутат.