АЭС қандай қаржыға салынады?

  • 62
  • 16.06.2025, 18:49

Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шартпен экспортты қаржыландыруды ұсынады. Бұл туралы атом энергиясы жөніндегі Агенттікте айтылды. Тараптар келісім жасады. Дегенмен жауапты мекеме Атом электр стансасының жалпы жобалық құны Қазақстан үшін қаншаға шығатынын айтқан жоқ. Анығы несие жеңілдетілген шартпен беріледі, қаражат құрылыс, реактордың жабдықтары, бу генераторлары мен сорғы қондырғыларына жұмсалады. Сондай-ақ құрылыс материалдары мен жұмыс күшін Ресейден тарту тиімсіз болғандықтан, жергілікті мамандар жұмылдырылып, отандық өнім пайдаланылады. Сарапшылар атап өткен тағы бір мәселе, табиғи және сейсмикалық факторлар және қосымша жабдықтар алу қажеттілігі жоба құнына әсер етуі мүмкін. АЭС жобасының түпкілікті құны жобалау мен сараптама жұмыстарынан соң белгілі болады.