Олар көбіне сенімхат, некеге тұру туралы өтініш, жұбайының келісімі сияқты құжаттарды алған. Бұл туралы республикалық нотариалдық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова айтты. Оның сөзінше, «Цифрлық нотариус» жобасы аясында азаматтар қажетті қызметті нотариусқа бармай-ақ, ыңғайлы және қауіпсіз түрде ала алады. Цифрландыру көрсеткішіне көрші елдер де қызығушылық танытып отыр. Сондықтан 11 елден келген нотариат өкілі тәжірибе алмасып, жаһандық өзгерістерді талқылау үшін Астанада бас қосты.
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғары сотының төрағасы:
-Нотариалдық палатаның рөлі ерекше. Өйткені олар құжатты рәсімдеп қана қоймай, шешімді және әділдікті ерте табу сияқты, алдын ала сотқа жүгінбей және сұрақтарды баламалы түрде шешудің жолын табуда үлкен рөл атқарып жатыр.