Елде қалдықтарды басқару туралы жеке заң дайындалып жатыр

  • 59
  • 03.07.2025, 18:32

Қазақстанда қалдықтарды басқару туралы жеке заң дайындалуда. Бұл туралы елордада өтіп жатқан IX Еуразиялық бизнес форумда Экология вице-министрі Жомарт Әлиев айтты. Бүгінде салада бірқатар түйткіл бар: сұрыптау жүйесі толық іске аспаған және экокодекстегі олқылықтар салдарынан жергілікті биліктің міндеттері нақтыланбаған. Әрі экономикалық ынталандыру аз, заң бұзғандарға жауапкершілік анық жазылмаған. Былтыр тұрмыстық қалдықтардың тек 25,8% қайта өңделген. Бұл көрсеткішті арттыру үшін алдағы үш жылда 63 сұрыптау және қайта өңдеу зауыты іске қосылады. Мақсат – өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізу. Жаңа заң жобасы қыркүйекте алғашқы қоғамдық талқылауға ұсынылмақ. 

Жомарт Әлиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:

-Бізде Премьер-министрдің радиоактивті қалдықтардан басқа қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі Тұжырымдама әзірлеу туралы тапсырмасы бар. Қазіргі уақытта бұл Тұжырымдама барлық мүдделі тараптардың қатысуымен Экология министрлігінде әзірленуде. Қыркүйек айына дейін біздің міндетіміз – осы тұжырымдаманың жобасын әзірлеп, бірінші талқылауға шығару.