Мәжіліс депутаттары Түркістан облысында ашылған кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Халық қалаулылары өңірге сапары аясында Сайрам ауданының шалғай ауылдарын аралап, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Соның бірі – Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Таскешу елді мекенінде орналасқан жылыжай. Кешен 2023 жылы іске қосылған. 5 гектардан асатын аумақта банан өсіріледі. Шаруалар жылына 1 мың тонна өнім алып отыр. Кәсіп иесі болашақта кешенді кеңейтіп, нарықтағы сұраныстың 30% қамтуды жоспарлап қойған. Дәл осындай ілкімді бастама Сарыарық елді мекендегі шабақ және тауарлы балық кәсіпорны. Мұнда сазан, дөң-маңдай секілді су маржандары өсіріледі. Депуттаттар жергілікті тауар өндірушілерге кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді.
Қайрат Балабиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Биыл Президент «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп айтты. Сондықтан біз ірі өнеркәсіпке, жеңіл өнеркәсіпке, шағын және орта бизнесті көріп, қандай мәселелер бар соны анықтап, қабылданған заңдарды түсіндіріп, «Салық» заңы бар, «Бюджет» заңы бар, әрбір азаматпен кездесіп, жұмыс жүргізіп жатырмыз.