Алматыда құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд орнатылды

  • 25
  • 07.07.2025, 18:47

Алматыда құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд орнатылды. 660 құрақшының қолынан шыққан көрпелер бір алаңда тоғысты. Global Book of Records бұл сәтті тарихи деп таныды. Ал рекордты дүниежүзілік рекордтар кітабының Азия және Африка бойынша бас офицері Қуандық Құдайбергенов пен Чехия және Франция елдерінен келген мамандар тіркеген. Қорытынды шешім Мумбай қаласындағы негізгі кеңседе қабылданды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шараға атсалысқан құрақшылардың ең кішісі 6 жаста, ал ең үлкені — 90-да.