Премьер-министр Олжас Бектенов Яндекстің бас директоры Даниил Шулейкомен цифрлық сервистерді дамыту мәселесін талқылады.
Елде аталмыш қосымшаны пайдаланушылар қатары 86 мың адамға жетті. Жобаға 4,9 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Ал компаниядан 4,3 млрд теңге салық ұсталып, бюджетке аударылды.
Сондай-ақ Олжас Бектенов келер жылдан бастап жаңа салық режиміне біртіндеп көшудің маңыздылығын атап өтті. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық шешімдерді жедел енгізуді тапсырған болатын.