Атырауда жастар күніне орай бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы 300-ге жуық жас қатысты. Өңірдегі 30-ға жуық мекеме жастарға 200-ге тарта бос жұмыс орнын ұсынған. Жастарға арналған жәрмеңке биыл екінші рет өтіп отыр. Алғашқы жәрмеңкеде 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Жұмыссыз жастардың санын азайтуда мұндай іс-шараның маңызы зор»,– дейді ұйымдастырушылар.
Мәнсия Сағидоллаева, жастар ресурстық орталығының басшысы:
-Психологтар, бизнес аналитиктері, IT мамандықтары сұранысқа ие. Қазіргі таңда осы жердегі келіп жатқан көп мекемелердің сұранысы мұғалімдер. Жас мұғалімдер керек. Соның ішінде орыс мектептеріндегі мұғалімдер. Орыс сыныптарына білім беретін мұғалімдер жеткіліксіз екен.