Астанада «Конституция – халық таңдауы, мемлекет тірегі» атты көрме ашылды

  • 13
  • 22.08.2025, 18:45

Астанада «Конституция – халық таңдауы, мемлекет тірегі» атты көрме ашылды. Оған 150 жуық экспонат қойылыпты. Оның 117-сі мұрағат құжаттары. Арасында түпнұсқа қолжазбалар, авторлық түсініктемелері бар конституция жобасының жұмыс нұсқалары бар. Сондай-ақ жетекші әлемдік мамандардың сараптамалық қорытындылары ұсынылған. Ата заңға дейінгі құқықтық дәстүрдің басталуы мен дамуы туралы да деректер кездеседі. Ұйымдастырушылар осы арқылы негізгі заңның қалыптасу жолын, маңыздылығын көрсетуге тырыстық дейді. 

Күләйша Ақтаева, тұңғыш Президент музейінің директоры:

-Бұл материалдарды түпнұсқа материал ретінде алғаш рет көрсетіп отырмыз. Заңгерлердің, тарихшылардың бірлесіп шығарған материалдары. Біздің қорымыздағы кітап қоры жәнеде ұлттық кітап палатасы қорынан алынған материалдар, газеттер және де бейне материалдар.