Елордада киелі нысандарды қорғау мәселесі талқыланды

  • 10
  • 16.09.2025, 19:40

Сессияға қатысушылар әлемнің көптеген аймақтарында қасиетті жерлерге қатысты қауіптің арта түскеніне алаңдап отыр. 

Бүгінде вандализм, қасиетті нысандарды қорлау және діни төзімсіздік салдарынан туындаған зорлық-зомбылық әрекеттерінің көбейгені жасырын емес. Мұндай ахуал халықаралық қауымдастықтың жедел және үйлесімді әрекетін талап етеді. Осыған байланысты діни ұйымдар, мемлекеттер және халықаралық құрылымдар арасындағы жаһандық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ киелі орындарды қорғаудың тұрақты құқықтық және институционалдық тетіктерін әзірлеуге қатысты бірыңғай үндеу жасалды. Сессияға қатысушылар қасиетті нысандарды қорғау, бүкіләлемдік қауымдастықтың ортақ жауапкершілігі екенін де баса айтты.

Жандәулет Сүлейменов, дінтанушы, сарапшы:  

- Әлемдік саясатты да қарасаңыз, түрлі толқулар болып жатыр. Шетелден келген делегаттардың өзі соғыс іс-қимылдарын айыптап, оның бейбіт халыққа кері әсерін тигізіп жатқанын ашық талқылаулар басталып жатыр. Сондықтан біз де сол үнге қосыламыз. Съезд барысында қозғалатын тағы бір тақырып – ол тарихи нысандарды қорғау. Тарихи ғимараттарды сақтау өте өзекті мәселелердің қатарында болып тұр.