Ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі жүреді

  • 12
  • 19.09.2025, 19:35

Интервьюерлер үй-үйді аралап, деректер жинайды. Жалпы саны шамамен 1,2 миллион үй шаруашылығын қамту жоспарланған. Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – аграрлық саланың жағдайы туралы толық мәлімет алу, әсіресе ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде. Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады. Онда мал мен құстың болуы, жер ресурстарын пайдалану, бақша егу, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтер сұралады.