Елде TALIS-2024 халықаралық зерттеуі өтті

  • 9
  • 07.10.2025, 19:41

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қорытындысына сәйкес, елдегі мұғалімдердің еңбек жағдайы айтарлықтай жақсарған. Мәселен, былтырғы оқу жылында педагогтардың орташа апталық жүктемесі 36 сағат болды. Ал жеті жыл бұрын бұл көрсеткіш 50 сағат еді. Сауалнама дерегіне сәйкес ұстаздардың 95% өз жұмысына көңілі толатынын жеткізген. Ең бастысы 2018 жылмен салыстырғанда, мұғалімді әкімшілік жұмысқа тарту азайып, олар сабақ беруге және ата-аналармен байланысқа көбірек уақыт бөле бастаған.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі: 

-Педагог мамандығына магистр дәрежесі бар мамандар 3,5% 11% дейін артқандығы үлкен жақсы көрсеткіш. Доктор phd дәрежесі барлар 0,1%, 0,6% дейін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек жалпы еңбек жағдайына қанағаттанатын педагогтардың үлесі 51%-дан 71%-ға дейін артқандығын нақты дәлелдейді. Педагогтардың арасында өз жалақысына көңілі толатындардың пайызы 39%-дан 71%-ға дейін өскендігін көрсетеді.