Қызылорда облысында балық құтқару шарасы қарқынды жүріп жатыр

  • 27
  • 28.10.2025, 19:42

Онымен бірге миллиондаған шабақ егін алқабына өтіп, сол жерде өсіп-жетіледі. Ал егін суын қайта тартқан кезде су маржанына қауіп төнеді.

Қызылорда облысында күз басталғалы шабақ құтқару шарасы қарқынды жүріп жатыр. Оған балық шаруашылығы инспекторларымен бірге еріктілер де қатысуда. Егін піскеннен кейін күріш атызындағы су қашыртқы арналары арқылы өзенге қайта құйылады. Осы кезде миллиондаған шабақ ну қамыс пен су арналарының ішінде қалып қояды. Биыл құтқарылған су маржанының бір бөлігі Иіркөлге жіберілді. 

Қайрат Жұмабаев, Иіркөл ауылының тұрғыны:

- Биыл 2025 жылы осы Иіркөл прудхоз көліне шамамен 30 мыңнан астам құтқарылған шабақтар жіберілді. Ол шабақтарды күріштіктерден аламыз. Шабақтардың түрлері амур, дөңмайңдай, сазан балықтарын жіберді. Құдай қаласа, өсімін күтеміз. 

Шаруа қожалықтары күріш алқаптарындағы шабақты құтқаруға міндетті. Бұл жұмыстарды құзырлы органдар бақылайды. 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Былтыр өңірде 8 млн су маржаны күріш алқаптарынан сүзілген. Құтқарылған шабақ мынадай тауарлы балық өсіретін көлдерге жіберіледі. «Бұл шаралар өңірде балық шаруашылығының дамуына оң ықпалын тигізеді», - дейді мамандар. 

Руслан Сейтмұрат, балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы:

- Бұл іс-шара Қызылорда облысы мен аудан әкімдіктері, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы, «Қазсушар» шаруашылық жүргізу кәсіпорындарының, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының бақылауымен жүргізіледі. Оған қоса, табиғат пайдаланушылар, жанашылар, ерікті азаматтар шараға қатысып келеді. 

Соңғы 3 айда өңірде 10 милиионнан астам шабақ құтқарылған. Мамандар: «Бұл шаралар қараша айының ортасына дейін жалғасады», - дейді. 

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Қызылорда облысы