Бүгін-ертең республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар, боран, көктайғақ болады. Қазгидрометтің болжамынша, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын, қар жауып, боран соғады. Ал өзге өңірлерде тұман түседі.
Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
-Атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде өтеді. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.