Астана мен Алматы әуежайларында ауқымды жаңарту жұмыстары жүргізіледі

  • 0
  • 24.11.2025, 19:58

 Жиында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында авиациялық хабтар мен автожол саласын дамыту мәселелері талқыланды. Алдағы 3 жылға арналған азаматтық авиацияны дамыту жоспарына сәйкес, елордадағы әуежайда екінші ұшу-қону жолағын салу қолға алынды. Жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту, инфрақұрылымды жаңарту да көзделген.

Алматы әуежайында Horizon бағдарламасы аясында терминалдарды қайта жаңарту мен ұшу-қону жолақтарын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, халықаралық және ішкі бағыт желісін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жоспарда. Әуе кемелері паркі ұлғайтылып, авиация саласы үшін мамандар даярлау жүйесі күшейтілмек.