«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі құрылымы мен функциясы жағынан толық қайта құрылады. Ұлттық инвестициялық холдинг форматына өтеді және инвестиция тартудың негізгі мемлекеттік институтына айналады. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысының қатысуымен өткен директорлар кеңесінің отырысында мәлім болды. Холдингтің қызметін кеңейту оның инвестициялық саясатын жаңарту мәселелері қаралды. Директорлар кеңесі «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің» трансформациясын мақұлдады. Компанияға инфрақұрылымдық, экспорттық және индустриялық жобаларды қолдау бойынша қосымша функциялар беріледі. Негізгі мақсат – капиталды белсенді тарту, ішкі өндірісті және импорталмастыруды дамыту.