«Орталық – Батыс» автожолы құрылысы басталады

  • 6
  • 01.12.2025, 18:41

Жаңа бағыт Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарының шалғай аудандарындағы қатынас мәселесін шешеді. Қазір қажетті жерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жолдың ұзындығы – 892 шақырым. Ені 8 метр, 2 жолақтан тұрады. Жобаны іске асыру мерзімі – 4 жыл. Оны пайдалануға беру арқылы орталықтан батысқа қатынау шамамен 560 шақырымға қысқарады. Демек барыс-келіс, транзиттік әлеует айтарлықтай артады. Шамамен тәулігіне 3 мың автокөлік қатынайды деп болжануда.

Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми өкілі:

- 21 участок болады. Оның 450 шақырымы далалық аймақтан қайтадан жаңа жол саламыз. 440 шақырым жолды біз қайта жаңартудан өткіземіз. Бүгінгі күні дайындық жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылдың көктемінде құрылыс жұмыстары басталады. Құрылыста 90-95 пайыз отандық өнім пайдаланылады.