Маңғыстау облысында «Темір баба» кеден бекеті жаңартылды

  • 10
  • 12.12.2025, 18:44

Енді қазақ-түрікмен шекарасынан 30 минут ішінде еш кедергісіз өтуге болады. Стратегиялық нысанның аумағы бұрын 3 мың шаршы метр болса, енді екі есе ұлғайды. Бұдан былай жүргізушілер мен жолаушы құжаты, көліктен шықпай-ақ сканерленеді. Рәсімдеу шаралары «Кеден» біртұтас цифрлық жүйесі арқылы, «Бір терезе» қағидасымен жасалады. Алты жолақты кеден бекетінің өткізу қабілеті 150-ден 350 көлікке дейін өсті. Электрондық кезек кептелісті болдырмайды. Айта кетерлігі, қазір елімізде 55 автокөлік өткізу бекеті бар. Бес жылда 37-сін жаңғырту жоспарланған. 

Артём Әбілдинов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

-Бекет заманауи бақылау құралдарымен жабдықталған. Радиациялық детекторлар, жылу камералары, салмақ пен көлем өлшегіштер, инспекциялық бақылау кешендері және багажды бақылау үшін рентген аппараты адамдарды тексереді. Орташа өту уақыты келген тұлғалар үшін 5 минуттан аспайды.