Биыл Павлодар облысына 1 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Өңір әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, Павлодар облысы инвестиция тарту көрсеткіші бойынша екінші орында. Қазір өңірде 102 жоба жүзеге асырылуда. Оған 7,3 трлн теңге бөлінген. Бұл жобалар тапсырылғаннан кейін 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
-Облыс орталығында алғашқы заманауи қоқыс сұрыптау кешені бой көтеруде. Мұнда пластик, металл, қағаз және шыны қайта өңдеуге тапсырылады. Жобаның жалпы құны 4.8 млрд теңге, қуаты 150 мың тоннаны құрайды. Бұл кешенді келесі жылдың мамырында іске қосылатын болады.