4,5 трлн теңге қайда кетті?

  • 8
  • 24.12.2025, 18:36

Бизнесті қолдауға жұмсалған қаражаттың есебін тыңдаған мәжіліс депутаттары жауаптыларды сұрақтың астына алды. Жүргізілген аудит жүйелі мәселелерді көрсеткен. Мәселен, Павлодарда іс жүзінде жоқ зауытқа инженерлік желілер тарту үшін 2,4 миллиард теңге жұмсалған. Ал 133 миллиард теңгенің бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған. Сондай-ақ 13 миллиард теңгеге тікелей қаржылық бұзушылық жасалған. Кей кәсіпорындар жылдар бойы қолдау алса, енді біріне бір тиын да берілмеген. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысы да сынға ілікті. Олардың кейбірі өтініштердің 40% ғана қанағаттандырған. Тағы бірі бизнеске деген ақшаны депозитке салып, тек пайда табумен айналысқан. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы;

-Мемлекеттік қолдау, жұмыс орындарын құрып, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, отандық өндірісті нығайтуға ықпал ету қажет. Бүгінгі жоғарғы аудиторлық палата атқан ұсынымдар мен депутаттар айтқан ұсынысты Үкімет назарға алуға тиіс. Бұл сұрақ депутаттардың тұрақты бақылауында болады.