Жылқы жылынан не күтеміз?

  • 4
  • 29.12.2025, 18:47

Дегенмен өзгерістерге толы болмақ. Ертеде қазақ халқы Жылқы жылына осындай наным-сеніммен қараған. Шығыс күнтізбесі бойынша 2026 – қызыл отты жылқы жылы деп аталады. Ол қуатты энергияның, батыл әрекеттердің, ішкі еркіндік пен күрт өзгерістердің кезеңі ретінде сипатталады. Табалдырығымыздан аттағалы тұрған Жылқы жылының басты ерекшелігі неде? Зерттеуші-ғалымдар не дейді? 

Қазақ  үшін Қамбар ата тұқымынан асқан қасиетті мал жоқ. Сондықтан жылқы жылын айрықша қастерлейді. Бұл жылы не болса да оған қанағатпен, сабырмен қараған. Ықылым заманнан  өмір салты, ішкен асы, мәдениеті жылқымен байланысты. Тіпті өзін жылқы мінезді халық деп санайды. Себебі жылқы адал, әрі кек сақтамайтын жануар. Ұлттық орталық музейдің этнографы Досымбек Қатранұлының айуынша, бұл туралы 9-шы ғасырдың өзінде араб жиһанкезі Ибн Фадлан жазып кеткен. Ол жылқы ұстап отырған халықтың мінез-құлық ұқсастығына таңқалған.  

Досымбек Қатранұлы, этнограф:

- «Әр жануардың қасиетін өз бойымызға сіңіргендейміз», – дейді. «Арабтар түйенің етін көп жейтіндіктен, өзгелерге қарағанда қызғаншақтау болар», – деп пайымдайды. Ал жылқы тектес халықты қажет кезінде жуас, ал шамына тисең асау мінез танытады дейді. Сырттай қарағанда жуас көрінгенімен, ашулансақ, төңкеріп тастаймыз.

Негізі әр жылдың өзіне тән қасиеті бар. Жылқы жылы жайлы болып келеді. Қысы қатты болмайды. Қар да қалыпты түседі. Көшпенділер бұрыннан Жылқы жылы несібе мол болады, халық мамыражай тіршілік кешеді деп сенген.

Бабақұмар Хинаятұлы, этнограф:

- Ол динамиканы, темпті жақсы көреді. Жылқы жылы табиғатына қарай динамикаға, өзгеріске толы жыл болады. Екінші мінезі – алдын ала болжауға болмайды. Мөңкіп мүмкін тебуі мүмкін.  Оғаш әрекеттерді тосыннан жасауы мүмкін. Бірақ есті жануар. Сол жылқының арынды қозғалысына сай, соған лайықты болуды талап етеді.

Қозғалыс демекші, алдағы жыл алып құрылыс салуға, ірі жобаларды бастауға қолайлы. Мұны нумеролог Алуа Мұхамбетжанова да растайды. Оның айтуынша, 2026 – өте маңызды жыл. Нумерология бойынша 9 энергия бар. Біз соның ең біріншісіне кірейін деп жатырмыз. Бұл алдыға жоспар құрып, соны іске асыру үшін ең қолайлы сәт.

Алуа Мұхамбетжанова, нумеролог: 

- Ішіңнен «Қашан жетістікке жетем? Қашан қолымнан келеді? Неге басқаларда бар да, менде жоқ?» деп ойлайтын сәттер болады. Міне, сол ойларды іске асыратын, алға қарай «шап» дейтін нағыз жыл осы. Алға жоспар құрыңдар. Тек құрып қана қоймай, қадам жасап бастаңыздар — сонда өзіңіз де таңқалуыңыз мүмкін. 

Жалпы алғанда, 2026 жыл – белсенділік, еркіндік және жаңғыру уақыты. Ол шешімді әрекет етуге итермелейді. Шығыс күнтізбесі бойынша 2026 жыл – отты жылқы жылы. От элементі қызыл түспен байланысты, сондықтан жылдың басты түсі – қызыл. Сонымен қатар оған жақын қызғылт, қоңыр-қызыл, алтын түстер де сәнде болады. 

Қарлығаш Қайыпбекова