Елордада көлік кептелісін азайту қолға алынды

  • 126
  • 06.01.2026, 12:47

Қалада 437 мың көлік тіркелген. Бұған қоса күніне 90 мыңнан астам автокөлік кіріп шығады. Кешкі қарбалас уақытта Мәңгілік ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдары мен Сарайшық, Қонаев, Достық көшелері және бірнеше көпірде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейеді. Бірнеше айдан кейін Есіл және Нұра аудандарындағы кептелісті азайтуға мүмкіндік болады. LRT жүйесі іске қосылады. Қазір вагондар аялдайтын станцияларда әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалада қоғамдық көлік жүйесін де дамыту қолға алынды.

Жеңіс Қасымбек, қала әкімі:

- Қалада қазір 1700 автобус жұмыс істейді, күнде таңертең рейстерге шығады. Бірақ ол жеткіліксіз. Жалпы біздің есебіміз бойынша қосымша бір мыңдай автобус керек. Болашақта автобустердың саны 2,5-3 мыңға дейін бару керек. «Час пик» кезінде автобуста адамдар көп. Сондықтан автобустың санын көбейтіп жатырмыз.