Ақмола облысында инклюзивті білім беретін маман тапшы

  • 21
  • 12.01.2026, 21:37

Ақмола облысында инклюзивті білім беру саласына қажетті мамандар жетіспейді. Бұл туралы Көкшетауда аутизмге арналған орталыққа барған Мәжіліс депутаттарының сапары кезінде айтылды. Аталған орталық 30 орынға есептелген. Емдік-оңалту шаралары 3 ай жүргізіледі. Облыста ерекше білім беруді қажет ететін 13 мыңға жуық бала бар. Депутаттар аймақта мұндай орталықтардың санын көбейту керек дейді. Сондай-ақ қаржыландыруды ұлғайту қажет. Наталья Дементьева аталған мәселені Мәжілісте көтеріп, тиісті ұсыныстар енгізетінін жеткізді.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осы аутизм орталығы 30 ғана баланы қатиды деп білеміз. Ол өте аз. Өйткені қаңтар айында статистика бойынша үш есе өсті деп ақпарат алдық. Біздің мақсатымыз мемлекет тарапынан қаржыландыруды тағы да қарастыру болып табылады. Сол үшін біз аутизм орталығының мамандарымен келісе отырып, олардан әртүрлі ұсыныстар алып міндетті түрде Үкімет мүшелеріне жеткіземіз.