ТШО-дағы апат: экология департаменті тексеру жұмыстарына кірісті

  • 9
  • 22.01.2026, 21:36

Атырау облыстық экология департаменті ТШО компаниясындағы апатқа қатысты тексеру жұмыстарына кірісті. Естеріңізге сала кетсек, 2026 жылғы 18 қаңтарда «Теңіз» кен алаңындағы 3 трансфортматор өртеніп қоршаған ортаға зиянды қалдықтар тараған болатын. Сол кезде ауаға араласқан күкіртсутегінің көлемі мөлшерден 2,1 есе, көміртек оксиді 1,7 есеге артқанын арнайы құрылғылар анықтаған. Қазір «Теңіз» кен алаңында мұнай өндірісі уақытша тоқтатылды. Оқиға орынынан 400-дей адам эвакуацияланған. Қазір кен алаңында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Ерлан Сатқанұлы, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

-Қазіргі таңда тексеру жүргізіліп жатқан жоқ, себебі ондағы барлық қызметкер эвакуацияланған, яғни нысанда болу қазіргі уақытта қауіпті. Біз өз тарапымыздан материалдарды жинақтап, танысып жатырмыз. Материал қорытындысы бойынша әрі қарай тиісті шаралар қабылданады, яғни тексеру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданады.