Жоспар бойынша 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстанда электр энергиясына деген ішкі қажеттілікті толығымен қамтылады. Тіпті одан кейінгі уақытта артығымен өндірілуі де мүмкін. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2029 жылға қарай тұрақты профицитке қол жеткізіледі. Қазіргі уақытта қабылданып жатқан шаралар белгіленген қуатты арттыруға, жаңа генерацияны жаңғырту және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыру бағытталған.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:-Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көмір генерациясын дамытуға арналған Ұлттық жоба әзірленіп жатыр.Ең бастысы таза көмір технологиясына басымдық беріледі. Жоспарға жалпы қуаты 7,6 ГВт болатын жобалар енді. Көкшетау, Өскемен және Семейде жаңа жылу электр орталықтарын салу үшін жобалау басталып, алаңдар дайындалуда. Сонымен қатар Курчатовта жаңа станса, ал Екібастұзда МАЭС-3 салу жоспарланып отыр.