«TALQYLAU» алаңы: Қазақстан - білім мен инновациялар мекені

  • 306
  • 06.02.2026, 21:47

Бүгінде адам ақыл-ойының құндылығы еселеп арта түсуде. Инновациялар қарқынды дамып, жасанды интеллект үйреншікті жағдайға айналып келеді. Бұл ретте жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның болашақ сын-қатерлерге берген стратегиялық жауабы.

«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтының ұйымдастыруымен өткен TALQYLAU диалог алаңында сарапшылар осылай деді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Конституциялық реформаны жаһандық бәсекелестік жағдайындағы мемлекет дамуының маңызды қадамы ретінде бағалауға болады. Ал Конституциялық комиссия мүшесі Мадина Нұрғалиева білімге деген көзқараста түбегейлі өзгеріс болғанын атап өтті. Одан бөлек, мемлекет, ғылыми қауымдастық пен сараптамалық орталықтар арасындағы диалогты күшейту қажеттігі айтылды. 

Бекзат Алтынбеков, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:

- Бұл енді біздің басты заңымызда, Конституциямызда білімге, инновацияға, ғылымға аса зор маңыз берілген. Сондықтан біздің елімізде Ата Заңымыз ғылымның, білімнің дамуына жаңадан жол ашатын үлкен мүмкіндік береді деп есептеймін. Жалпы ғылым дамыған елде адамзат баласы да қарқынды дамиды.