Қонаевтағы дауыл: үйлердің шатырлары ұшты

  • 311
  • 09.02.2026, 21:37

Қонаевта қатты дауыл тұрып, бірнеше үй мен ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Сонымен қатар қаладағы жарық шамдардың бағаналары құлаған. Секундына 27 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан инженерлік желілер де бүлінді. Қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бригадалар түнде көшедегі құлаған ағаштар мен жел ұшырып әкеткен жеңіл конструкияларды жинады. Кей шағын аудандар жарықсыз қалғандықтан, үзілген желілер қалпына келтірілуде. «Ауа райының қолайсыздығынан қала мектептері қашықтан оқыту жүйесіне көшті», дейді мамандар.

Ақерке Жұмағазы, Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы:

-Қазіргі таңда барлық ақауларды қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Келтірілген шығын көлемін есептеліп жатыр. Ол туралы қосымша хабарлаймыз. Осы жолы көптеген көліктерге, 8 ғой деймін қателеспесем, соларға зақым келген болатын. Ол бойынша сақтандыру компанияларымен қала басшылығы келіссөздер жүргізеді толық құнын өтеп беру бойынша.