Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңа Конституция жобасын Maqsut Narikbayev University мамандары да қолдады. Жоғарғы оқу орнының Конституция комиссиясының құрамында жұмыс істеген заңгерлері мен құқықтанушылары ұсыныстарының қабылданғанын атап өтті.
Ұсыныстар қазақша редакциясындағы терминологиялық, грамматикалық қателіктер, мағынасының сәйкес келмеуі мен лингвистикалық қарама-қайшылықтарға қатысты болды. Комиссия жұмысына атсалысқан университет мамандары қоғамның сұранысы мен талап-тілегін барынша ескеруге тырысқан.