«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аймақтық штабы Қостанайда да құрылды. Оның құрамына 54 адам кірді. Басым бөлігі елдегі жетекші бес саяси партияның мүшелері.
Сондай-ақ коалицияға біріккендер қатарында мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен сарапшылар бар.