Қызылорда облысындағы штаб отырысына саяси партиялардың өңірлік филиалдарының төрағалары, қоғамдық ұйымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Сөз алғандар жаңа Конституция елдегі саяси реформалардың заңды жалғасы екенін атап өтті.
«Ел дамуының жаңа кезеңіне бірге қадам жасауды мақсат еткен, Жалпыұлттық коалиция ауқымды қоғамдық алаңға айналды», - дейді жиналғандар.