Жаңа Конституция – ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы алаңында өткен дөңгелек үстелде сарапшылар осындай пікір білдірді. Жиында ұсынылып отырған өзгерістер жан-жақты талқыланып, академия тыңдаушыларына жаңа Ата заң жобасы егжей-тегжейлі таныстырылды.
Құжатта мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, саяси үдерістердің тиімділігін арттыру нормалары қамтылған. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтілген. Мамандардың пікірінше, бұл өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті нығайтады. Әрі елдің сапалы даму кезеңіне берік негіз қалайды.
Зұлфұхар Ғайыпов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры:
- Жаңа Ата заңның тағы да бір ерекшелігі – ол адамға бағдарланғандығы. Осы Конституцияда біз бірінші рет адамның табиғи құқықтары дейміз, ол адамның өмір сүруге, ерікті болуға және меншік иесі болуы абсолютті деп осы Конституцияда жаздық.
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Сол өмірін айтып кеткеннен кейін қазір өлім жазасынан бас тартқаны да сол ғой. Өйткені бүкіл дамыған елдер бас тартты. Сондай принципті кіргізіп отырғаны ол – БҰҰ ұсыныстары.