ЕҰУ-да Конституция жобасы талқыланды

  • 384
  • 20.02.2026, 21:42

Астанада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылған жиынға Парламент Сенатының депутаттары, белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Іс-шарада Ата заң жобасының маңызды ережелері, егемендікті және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ елдің адами капиталын қалыптастырудағы білім мен ғылымның рөлі жайлы пікір алысты. Конституцидағы «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Бірегей қоғам» ұғымдарының мәні де жан-жақты талқыланды.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әрине, енді тек қана жоғары оқу орындары ғана емес, мен енді ғалым болғаннан кейін Алматыда, Түркістанда және осындағы жоғары оқу орындарына арнайы өзім таңдап келіп отырмын. Сонымен қатар еңбек ұжымдары бар, құқық қорғау органдары бар, жалпы қарапайым халықпен кездесу, түрлі еңбек ұжымдарына бару — соның бәрі қамтылған. Негізі тек қана жабық есік талқылауларына ғана емес, ашық талқылауға біз әрқашан дайынбыз.