Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау

  • 740
  • 20.02.2026, 21:47

«Талдау» жобасы аясында Президенттің көмекшісі, Конституциялық комиссияның мүшесі Қуанышбек Есекеевтің Конституция жобасына және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғаудың жаңа үлгісін қалыптастыруға арналған дәрісі өтті.

Айтуынша, қазіргі заманғы Конституцияда цифрлық дәуірдің шындығы ескерілуі тиіс. Адамның ақпаратқа қол жеткізу және дербес деректердің сақталу құқығы негізгі құқықтардың қатарында. Бірқатар елде деректер іс жүзінде ірі жеке корпорацияларға шоғырланған. Лектордың сөзінше, Қазақстан өз үлгісін қалыптастырады. Онда азаматтың өзі негізгі субъект болып қала береді. Ал мемлекет қауіпсіздіктің құқықтық және технологиялық тетіктерді қамтамасыз етеді.