Алматыда саясаттанушылар Конституция жобасын талқылады

  • 104
  • 24.02.2026, 21:30

Алматы сарапшылары жаңа Конституция жобасының қоғамдық келісімді қамтамасыз ету әлеуетін талқылады. Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырған іс-шараға Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мамандары қатысты. Олар этносаралық және конфессияаралық мәселелер, қоғамдық бірлік пен ынтымақты нығайту, сондай-ақ заң және тәртіп құндылықтарының маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Сарапшылар Халық кеңесі қызметінің келешегіне де ерекше назар аударды.

Әсел Назарбетова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ өкілдік басшысы:

- Бұл жаңа иснституттың пайда болғаны және оның Ата Заң аясындағы құзыреті. Халық кеңесі жаңа заңдарды ұсынуға, референдум өткізуге ұсыныстар білдіруге ішкі саяси мәселелерге байланысты өздерінің ұсыныстарын және пікірлерін білдіруге мүмкіндіктері бар. Жалпы 126 белсенді қоғамның мүшесі жиналған Халық кеңесі бұл шынымен де бір тиімді алаң, тиімді бір пікірталас алаңы, тиімді құрал. Халықтың пікірін мемлекеттік органдарға жеткізуге тиімді.