Жаңа Конституция: Қонаевта Мәжіліс депутаттары жастармен кездесті

  • 12
  • 27.02.2026, 21:37

Алматы облысы халқының 30% – жастар. Оларға білім беру, жұмыспен қамту, бизнеске тарту мәселесі басты назарда. Былтыр 27 мыңнан астам жас жұмысқа тұрса, 91 кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

Конаевқа барған Мәжіліс депутаттары жастарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады. Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің ел дамуы мен өңірлік саясатқа ықпалы сөз болды. Мемлекеттік басқару жүйесі жаңарып, азаматтардың құқығын қорғау барынша күшейтілетіні айтылды.

Анас Баққожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жастар – біздің болашағымыз. Осы адал азамат – бүгінгі осы жастар. Соларға дұрыстап Конституциядағы берілген жаңа саяси векторларды, осының бәрін қолдап, соларға үйретіп, баулып, солармен бірге жұмыс істейтін болсақ, жаңа Қазақстанның құрылысшылары осы кісілер.