Атыраулықтар жаңа Конституция жобасын қолдайды

  • 9
  • 03.03.2026, 21:32

Атырауда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған жалпыұлттық коалиция өкілдері қоғам мүшелері, жастар және мұнайшылармен кездесті. Жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызы түсіндірілді.

Басты құқықтық құжат халықтан түскен 10 мыңнан астам ұсыныс негізінде әзірленген. Ол саяси жүйені жаңғыртып, адам құқықтарын қорғауды, еңбек кепілдіктерін және заң үстемдігін күшейтуді көздейді. Өңір тұрғындары экологиялық қауіпсіздік нормаларының Ата Заңда бекітілуін қолдайтынын айтты. 

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Конституция басынан аяғына дейін адамдардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау, мүлтіксіз қорғау, мүлтіксіз күзетуге бағытталған. Біздің бойымызға сіңген еркіндік, теңдік, әділдік, жауапкершілік, табиғатты аялау деген ұстанымдар бар. Бұл бізге демократиялық қазақ даласынан бері бойымызға сіңген қағидалар. Осының барлығын біріктіріп, «Әділетті Қазақстанзаң мен тәртіп» деген қағидаттың ішіне сіңіріп, оны негізгі бағыт ретінде нақтылап берді.