Алматының өрт сөндіру және құтқару қызметі тағы 2 заманауи депомен толықты. Біріншісі «Алатау» жедел мақсаттағы Оңтүстік базасында №21 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі. Түрксіб ауданындағы бұл кешен өрт сөндіру және құтқару қызметін атқарады. Салтанатты іс-шараға еліміздің төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен қала әкімінің орынбасары қатысты. Министр қызметкерлерге 11 қызметтік пәтердің және арнайы техникалардың кілтін табыстады. «Алатау» базасында республикалық деңгейдегі авиация, құтқару, өрт сөндіру және апаттық медицина қызметі шоғырланады. Ал Бостандық ауданының тау бөктеріндегі №22 өрт сөндіру бөлімі «Алма-Арасан» шатқалында орналасқан. Қалада тағы 5 модульді депо салынып жатыр.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Біздің норма бойынша 15 шақты деп әлі қажеттілік бар. Өйткені өздеріңіз көріп отырсыздар Алматының трафигі қандай жолдардағы, сондықтан да бізге көп қиындықтар туғызып жатыр. Бүкіл өкірлерде нақты осындай форматта деполар тез арада салыну керек. Өйткені біздің елімізде әлі де 100-ге жуық осындай депоға қажеттілік бар Республика бойынша.