Ақмола облысында 178 шаруаның құқығы қорғалды

  • 25
  • 11.03.2026, 21:41

Олар екі жылға жуық өздеріне тиесілі субсидияларын ала алмай келген. Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары шаруалардың тыңайтқыш алуға деген өтінімдері дұрыс рәсімделмегесін, қаржыны беруден бас тартқан. Бірақ оны белгіленген мерзім өткен соң ғана хабарлаған. Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары шаруалардың уәжін растады. Қазір мәселе шешіліп, 418 млн теңге субсидия толығымен төленді.

Нұрсұлтан Шытырымбек, мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы:

- Департамент ауыл шаруашылығы және жер қатынастар басқармасына қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы, заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс еңгізген болатын. Осы ұсынысты орындау аясында шаруа қожалықтарына өтінімдерді қайта тапсыру мүмкіндігі беріліп, кейін олар төлену үшін резервке қойылып, ағымдағы жылы 418 млн теңге көлемінде субсидия алды.