Республикалық референдумның өту барысын халықаралық байқаушылар бақылауда. №316 учаскеде комиссия мүшесі Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимян болды. Мұнда 2 603 дауыс беруші тіркелген. Байқаушы халық үшін барлық жағдай жасалғанын және бұл тәжірибе алмасудың зор мүмкіндігі екендігін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстанда өтіп жатқан референдумды бақылау үшін тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдерден бірқатар бақылаушы келген.
Ваагн Овакимян, Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Біз үшін ең бастысы – мұндай науқанның өзге елдерде қалай ұйымдастырылатынын көру. Бұл ретте ешқандай баға бермейміз, тек бақылаймыз. Бірақ Орталық сайлау комисиялары арасында байланысты арттырады. Яғни тәжірибе алмасу үшін аса қажет.